Басты » Пайдалану » Күйге келтіру

Күйге келтіру

Қашықтан қосылуды және Dial-Up технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылуды күйге келтіру

 

Dial-Up технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылу үшін телефон желісін, компьютер мен Dial-up-модем болуы қажет. Шығу кез келген «Қазақтелеком» АҚ телефон нөмірінен қамтамасыз етіледі. Интернет қызметін ұсыну "Tarlan card" картасы нөлдік балансқа жеткенде автоматты түрде тоқтатылады.

 

Техникалық сипаттамалары:

  • Ұқсас АТС-тың ұқсас желілері бойынша қосылу жылдамдығы: 33,6 Кбит/с-ке дейін.
  • Электронды АТС ұқсас желілері бойынша қосылу жылдамдығы: 56 Кбит/с-ке дейін.
  • Қосылу уақытын есептеу: минут сайын.

Интернет желісіне қосылу үшін:

  • өз компьютеріңізде қашықтан қосылуды күйге келтіру;
  • 2 590 590 қосылу нөмірі бойынша қосылуды орнату (Алматы қ.), 590 590 ("Қазақтелеком" АҚ абоненттері үшін алтыңбалы нөмірмен) немесе 8-750-10-10-750;
  • Логинді – картаның сериялық нөмірін және пароль – "Tarlan card" картасының ПИН-кодын енгізу;
  • Интернет желісіне қосылу қажет.

 

1.Қашықтан қосылуды күйге келтіру

 

1.1. Жаңа қосылуды орнату шеберін іске қосыңыз: Жіберу → Бағдарламалар → Стандартты → Байланыс → Жаңа қосылулардың шебері:

 

 

1.2. Ашылған терезеде «Одан әрі» пернесін басыңыз.  Сіз «Қосылуды қолмен орнату» қосылу түрін көрсету қажет болатын келесі терезеге кіресіз → «Одан әрі»:

 

 

1.3. Интернетпен қосылу ретінде  – «Әдеттегі модем арқылы» көрсетіңіз → «Одан әрі»:

 

 

1.4. Жасалатын қосылу үшін ашылған терезеде «Internet» атын беріңіз және «Одан әрі» пернесін басыңыз:

 

 

1.5. Қосылу үшін телефон нөмірін көрсету қажет болатын кезекті терезе шығады – 2 590 590 (Алматы қ.), 590 590 ("Қазақтелеком" АҚ абоненттері үшін алты таңбалы нөмірлеуі бар) немесе  8 750 10 10 750 → «Одан әрі»:

 

 

1.6. Енді «Пайдаланушының аты» алаңына картаның жеті таңбалы сериялық нөмірін, «Пароль» алаңына – картаның он таңбалы ПИН-кодын енгізіңіз → «Одан әрі»:

 

 

1.7. «Одан әрі» пернесін басқаннан кейін диалогтың соңғы терезесі көрінеді. «Дайын» пернесін басыңыз және жаңа қосылу жасалады:

 

 

2. Интернет желісіне қосылу

Интернетпен қосылуды жіберіңіз: Жіберу → Күйге келтіру → Желілік қосылулар → Интернет → Шақыру:

 

 

 

 

 

3. Интернет желісінен өшіру: Жіберу → Күйге келтіру → Желілік қосылулар → Интернет → Өшіру.

 

 

Қолдау қызметінің телефоны: 8 800 080 5000 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)